Қазіргі заманда қоғамдық тамақтандыру ісі біртіндеп индустрияландыру жолына көшуде. Жетілген техникалық құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар құрылуда, прогрессивті технология қолданылады, еңбек пен өндіріс ғылыми түрде ұйымдастырылады, қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайда болып жатыр. Әсіресе ұннан жасалатын кондитерлік өнімдерінің ассортименті мол, сапасы ерекше.
Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – дәстүрлі, танымал және көпшілік сүйетін, жиі сатып алатын тағам. Сапасы негізінен дайындау үшін қолданылатын қамыр түріне байланысты.
Жаңыл Музукаева 2007 жылы ЖК тіркеп, ұзақ сақталмайтын нан-тоқаш және ұн кондитерлік өнімдерін өндіруді бастады.
Кондитерлік цех ашу мақсатында кәсіпкер Павлодар қаласындағы «ForteBank» филиалынан 15 млн теңге көлемінде несие алды. Кәсіпкерге «Даму» қоры қолдау көрсетіп, несиесін «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялады.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша алған қаржыны кәсіпкер кондитерлік цехқа арналған коммерциялық нысанды жөндеуге жұмсады.
Мекен-жайы: Павлодар қаласы, Абай көшесі, 223 үй
Байланыс телефоны: +7 (777) 940 01 08