Жайлы жиһаз таңдаңыз

Жаңалықтар
29.07.2024

Арман Дәуренбекұлы 2012 жылдан бері жиһаз жасап келеді. Өндіріс орны Өскемен қаласындағы жалға алынған қоймада. О баста Арман Дәуренбекұлы достары мен туыстарының тілегімен жиһаз жасап, іс бастаған. 2016 жылға қарай тапсырыстар көбейіп, кәсібі ілгерілеп, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ресми түрде өндіріспен айналыса бастады.

2024 жылдың мамыр айында кәсіпкер «Даму» қорының қолдауымен шкаф жиһаздарын шығаратын құрал-жабдық сатып алды.

Қазір кәсіпорында 11 адам жұмыс істейді. Өзі де, қызметкерлері де үнемі біліктілік арттырып тұрады. Цехта шығатын өнімдердің артықшылығы:

1. Ыңғайлы және жайлы;

2. Отандық шикізат, жоғары сапа;

3. Берік;

4. Арзан;

5. Оңай орнатып, монтаждап береді.

Компания «Банк ЦентрКредиттен» жиһаз өндіруге арналған құрал-жабдықтарды сатып алу үшін несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкер үшін жылдық пайыздық мөлшерлемені 8%-ға дейін төмендетті.

Алтын балға ЖК

Жетекшісі: Қалдыбаев Арман Дәуренбекұлы

Байланыс телефоны: +7 777 177 66 36

Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Мызы көшесі, 13

Instagram: @arman.mebelukg