Сіздің интерьеріңіздің ерекшелігі

Жаңалықтар
29.07.2024

«Mebitex Group» – нарықта 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан және жиһаз, ағаш, металл бұйымдар, сондай-ақ күрделі дизайнерлік бұйымдар жасайтын, толық циклді өндірісі бар жоғары технологиялық кәсіпорын. Жекеменшік цехта ағаш плита материалдар мен металдан жасалған қаңылтыр материалдарды өңдеуге де арналған цифрланған, автоматтанған, дәл станоктармен толық жабдықталған. Бояу цехында төрт бояу камерасы, сондай-ақ металл бұйымдарын полимерлі бояуға арналған камера жұмыс істейді.

Штатта өнімді жетілдіруге ұмтылатын, жиһаз нарығының тенденцияларына мониторинг жүргізетін, заманауи дизайн тенденцияларын ұстанатын, модельдер қатарын кеңейтетін, өз клиенттеріне материалдар мен жиһаздардың инновациялық нұсқаларын ұсынатын өзінің дизайн бөлімі бар.

Компания жиһаз өнеркәсібі саласындағы сарапшыларды тарта отырып қызметкерлердің біліктілігін арттырып отырады. Әр клиентпен жеке жұмыс істеп, жобаны толық сүйемелдеп: тапсырыс берушімен кездесуден бастап жобаны дайын күйде тапсыруға дейін міндеттенеді.

«Mebitex Group» – Қазақстанда жоғары сапалы жиһаз өндіретін көшбасшылардың бірі

Кәсіпкер «Банк ЦентрКредиттен» несие алған кезде «Даму» Қоры «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында субсидия берді.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі а/о, Кемертоған ауылы, 7210.

Сайт: mebitex.kz@gmail.com

Тел: +7 701 777 80 50