Батыс Қазақстан аймағындағы вафли мен ойық тоқаш шығаратын үздік кәсіпорын

Жаңалықтар
30.07.2024

«Батыс-Продукт» өнімдерін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары ғана емес, Ресей мен тысқары жерлердегі басқа да қалалардың тұрғындары да біледі және жақсы көреді. Осы кәсіпорынның өндіріс орындарының жанынан өткенде, ең алдымен бала кезден таныс – жаңа піскен нанның иісі аңқып тұрады. «Батыс-Продукт» ЖШС 12 жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда жоғары сапалы өнім шығарады, өнімдерді өндіру үшін жоғары сапалы ұн, өсімдік майлары және басқа да сертификатталған және жоғары сапалы ингредиенттер қолданылады.

Компанияның Германияда, Италияда, Словенияда, Ресейде жасалған вафли мен ойық тоқаштар шығаратын желісі бар. Цех тәулігіне 2,5 тонна өнім шығарады.

Кәсібін кеңейту мақсатында кәсіпкер «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на жүгінген. Өтінімін банк мақұлдап, «Даму» Қоры  «Басымды жобаларды несиелеу механизмі» аясында субсидия берді.  

Өнімдер Қазақстанныңа Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Семей, Астана қалаларында және Ресейдің Самара, Нижний Новгород, Ульяновск, Челябинск қалаларында сатылады.

Мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Желаев өнеркәсіп аймағы, 8/6а

Тел.:+ 7 (7112) 230 356

Сайт: www. batys-product.kz