«AZIA GOLD» ЖШС шипалы шөптерден дәрі жасайды

Жаңалықтар
31.07.2024

«AZIA GOLD» ЖШС 25 жылдан астам уақыт бойы дәрілік шөптер мен ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіріп, экспортқа шығарумен айналысып келеді. Сарқан ауданында орналасқан бұл серіктестік Жетісу облысындағы осы кәсіппен айналысатын жалғыз компания. Шамамен 30 жылдық тарихтың бастауы жабайы шөптерді қолмен жинаудан басталды. Шикізат жеткілікті болғанмен, табиғи ресурстарды сақтауды ескере келе олар біртіндеп дәрілік өсімдіктерді өсіруге кірісті.

«Біз тұқымды алдымен Ресей, Еуропадан сатып алдық. Содан кейін оларды жерсіндірумен айналыстық. Өсімдіктер бейімделді. Жеке тұқым мен көшет материалын алғаннан кейін егіс алқаптарын кеңейте бастадық. Қазір дәрілік шөптердің егіс алқабы 5 мың гектарға дейін жетеді. Түймедақ, жалбыз, шалфей, валериан, қалақай, лаванда, долана, қаражидек және таңқурай сияқты дәрілік шөптердің 10-нан астам түрін өсіреміз», - дейді компания басшысы Коржиков Алексей Викторович.

«Қазақстан Халық Банкіне» жүгінген «AZIA GOLD» ЖШС айналым қаражатын толықтыруға несие алды. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидия мен кепілдік берді.

«AZIA GOLD» компаниясының дәрілік шөптерді өңдейтін өндірістік базасы мен қоймалары, жер алқаптары, машина-трактор паркі (тракторлар, комбайндар, техника) бар.

Мекенжайы: Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Райымбек батыр көшесі, 2-үй

Телефон: +77017175756