menu
Жабу

Кеңес ал!

Жаңа көліктегі жайлы такси

Жаңалықтар
19.07.2024

Югай Павел Георгиевич 2020 жылы бастап Тараз қаласы мен Жамбыл облысында такси қызметін көрсетіп келеді.

Кәсіпкер жыл сайын автопаркін отандық комфорт-класс автомобильдермен жаңартып отырады. Компания 2 жылдан астам уақыт бойы «Даму» Қорының бағдарламаларын пайдаланып «Forte Bank» АҚ-нан несие алып келді.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында несиесін субсидиялап, Қордың кепілдендігін ала отырып Павел Югай Chevrolet Cobalt, Lacetti, Hyundai Tucson, Elantra, Accent, I 20 маркалы отандық 5 жаңа автомобиль сатып алып, қосымша 5 жұмыс орнын ашты.

«Жаңа автомобильдер тиімдірек, сондықтан техникалық қызмет көрсету, май мен материалдарын ауыстыру ғана керек. Бұл ілеспе шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», - дейді Кәсіпкер Югай Павел.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкер жаңа автокөліктерінің санын 100-ден асыруды жоспарлап отыр. Сол арқылы Тараз қаласының тұрғындарына қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасамақ.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Байзақ батыр көшесі, 195 а-үй

Moб. + 7777-932-99-23