«Семей май зауыты» 2001 жылдан бері майлау материалдарын, техникалық сұйықтықтарды, металл және полиэтилен ыдыстарын шығарып келеді.
Кәсіпорын құрылған сәттен бастап «СМЗ» В2В сегментінің тұтынушылары үшін де, В2С үшін де сертификатталған мұнай-химия өнімін шығаруды және өткізуді мақсат етті. Кәсіпорын Қазақстанның мұнай-газ саласындағы майлау материалдары мен сұйықтықтарды жасау секторын отандық өніммен қамтуды көздеген. Ол мақсатқа қол жеткізу үшін нарық үрдістері зерттеліп, өнім ассортименті кеңейтіліп, заманауи технологиялар пайдаланылады. Ең бастысы – сапаға баса назар аударылады.
Тағы бір мақсат – қызметкерлердің жеке өміріне зиян келтірмей, лайықты ақы төлей отырып және жұмыс жүктемесімен кәсіби мансапты дамыту үшін жақсы жағдай жасау. Басшылықтың қызметкерлер үшін есігі ашық.
2023 жылы компания айналым қаражатын толықтыру үшін «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» қоры қолдап, кәсіпкер үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесі жылына 8,5%-ға дейін азайтылды.
Кәсіпорын «Самұрық-Қазына» қорының отандық тауар өндірушілерінің тізілімінде тұр. СТ-KZ сертификаты мен отандық тауар өндірушінің индустриялық сертификаты бар.
ЖШС «Семей май зауыты»
Жетекші: Офицеров Борис Евгеньевич
Мекенжайы: РК, Абай облысы, Семей қаласы, Глинки 84 «А»
Сайт: szm.kz