Металл революциясы: «Монтажник-ЭМ» ЖШС болашаққа қалай жол ашады

Жаңалықтар
21.08.2024

Өнеркәсіп пен құрылыс қарқынды дамып келе жатқан қазіргі кезде металлургия саласының рөлі барған сайын маңызды болып келеді. «Монтажник-ЭМ» ЖШС – шойын, болат және ферроқорытпа өндірісіндегі негізгі кәсіпорындардың бірі. Компания жергілікті нарықты жоғары сапалы металл өнімдерімен қамтамасыз етеді.

2005 жылдан бастап заманауи технологияларды қолдана отырып, тапсырыс берушінің барлық талаптарын ескеріп дәстүрлі жылу энергетикасы кәсіпорындары үшін бірегей үлгілер дайындайды.

Өнімдер ассортиментінде: жоғары қысымды құбыр бөлшектері, бу қазандықтарының коллекторлары, құбырлы ауа жылытқышы, бу жылытқышы, су үнемдегіштер, қазандықтардың газ тығыздағыш қыздыру панельдері, бу салқындатқыштары, конденсатор, тарылтатын құрылғылары бар шығын өлшегіштер, тірек-аспалы жүйе т.б бар.

Өндірісте заманауи технологиялар мен жабдықтар пайдаланылады, шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі әрбір кезең бақыланады. Барлық кезеңде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қатаң тексеру жүргізіледі.

«Монтажник-ЭМ» ЖШС экология мен тұрақты дамудың маңызын түсінеді. Компания материалдарды тазалау мен қайта өңдеудің заманауи технологияларын пайдалана отырып, қоршаған ортаға кері әсерді азайту шараларын ұснады.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру жөніндегі қызметті ұйымдастыру үшін 2022 жылы «Банк «Bank RBK»-тен қаражат алды.

«Монтажник-ЭМ» өндіріс процестеріне инновация енгізу және өз өнімдерінің ассортиментін кеңейту арқылы белсенді дамуын жалғастыруда. Түрлі салалардағы жетекші компаниялармен әріптестік «Монтажник-ЭМ» ЖШС-нің нарықтағы позициясын нығайтады және жаңа технологияларды игеруге ықпал етеді.

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, 018/187

Телефон +7 7212 790099

Пошта montaghnik-am@mail.ru

Сайт https://montaghnik-am.kz/