Пластик терезелер өндірісі

Жаңалықтар
05.08.2024

Қызылордалық кәсіпкер Бағлан Ажибеков пластик терезелер шығаратын өз өндірісінде Wuko профильдік жүйесін пайдаланады. Wuko профильдері барлық маңызды көрсеткіштер бойынша қауіпсіз, ыстық-суыққа, ультракүлгін сәулелерге төзімді. Профильдердің беріктігі мен тұрақтылығын жақсарту үшін олардың ішіне металдан күшейткіш салынады. Бұл оны одан әрі берік ете түседі.

Бағлан шығаратын пластик өнімдер кез-келген бөлменің дизайнын ерекше көрсететін әдемі келбетімен ерекшеленеді. Қазір компания пластик терезе жақтауларының пішімі мен түсінің кең таңдауын ұсынады. Әр тұтынушы өзіне ұнайтын нұсқаны таба алады.

Пластик өндірісі үшін материалдар қажет болғанда кәсіпкер «Банк ЦентрКредит»-тен несие алып, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидия мен және кепілдік беру түріндегі «Даму» Қорының қолдауын пайдаланды.

Қазір цехта кәсіпкердің жолға қойылған бизнес жүйесі бар. Өз міндеттемелерін орындау үшін кәсіпорынның жақсы материалдық-техникалық базасы толық.

Мекенжайы: Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесі, 106

Тел: +7 701 806 39 10

Инстаграм: wukokz