Сәуле Баянқызы Кәріпжанова 2021 жылға дейін қаржы саласында жұмыс істеді, сондай-ақ Астана қаласында пәтерін жалға беретін.
Сол жылы қыркүйекте Алакөл жағасында «Holiday» демалыс базасын ашты. Алакөл жағасынан 100 метр жерде өзінің шағын ойын алаңы мен жазғы кафесі бар қонақ үй екі қабатты, ағаштан салынған. Жалпы ауданы 477,2 ш.м. бөлмелердің жалпы саны 40. Тәулігіне 120 адамға дейін сыяды. Маусымында орта есеппен күніне 80-100 адам демалады. Бөлмелер «люкс» және «стандарт» болып бөлінеді. Әр бөлме кондиционер, теледидар, интернет, тоңазытқышпен жабдықталған. Тәулік құны тамақпен бірге 9 000-10 000 теңге арасында. Кәсіпкер бұл кешенді қосымша бассейн, сулы, үрлемелі ойын жабдықтарымен және балалар ойын алаңымен жабдықтауды жоспарлап отыр.
Осы мақсатта компания «Bereke Bank»-тен инвестиция үшін «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында несие алды. Пайыздық мөлшерлеме 14,75%-құрағанмен, кәсіпкер тек 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.
Армандаудан қорықпаңыз! «Даму» Қорының бағдарламаларымен кез келген арман шындыққа айналады!
+7 705 445 34 89