menu
Жабу

Қостанай облысында «Шаңырақ» атты туризм мен спорт базасы салынып жатыр

Жаңалықтар
05.07.2024

Демалыс кешенін Денисов ауданының кәсіпкері Александр Кузьменко жүзеге асырып жатыр. Жаңа база жоғарғы Тобыл су қоймасының жағасында орналасқан. Кешен: қонақ үй, жағажай демалысы және балық аулаушыларға деп үш аумаққа бөлінеді.

Бұл демалыс базасының артықшылығы – ол республикалық маңызы бар «Рудный-Қарабұтақ» трассасының бойында орналасқандығы. Мұнда кез-келген саяхатшы, жолаушы түсе алады, 14 бөлме мен дәмхана-мейрамхана болады. Іргетасы қазір қаланды.

Бұл бизнес идея мемлекеттік бағдарламаның арқасында жүзеге асты. Инвестицияның жалпы көлемі 350 млн теңгеден асты, оның 256 млн теңгесі кәсіпкердің өз қаражаты және 94 млн теңгесі «Қазақстан Халық банкі» АҚ берген несие. Ал «Даму» Қоры пайыздық мөлшерлемесін субсидиялап, «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында кепілдік берді.

Құрылыс бірнеше кезең жоспарланған. Бірінші кезең өткен жылы аяқталды. 900 шаршы метрлік жағажай жабдықталды, сарайлар орнатылды және 40 метрлік пирс, гриль алаңдары, сондай-ақ лагерьлердегілер кешке оттың басына жиналып, ән сала алатын аймақ жасалды.

Қазір құрылыстың екінші кезеңі басталды. Жоба бойынша алты үй, арнайы техника мен шағын көлемді кемелерді сақтауға арналған ангар салу жоспарланған. Ол Ккмелерді уақытша тұрақтайтын емес, бүкіл маусымға арналған. 70 адамға дейін сыятын үлкен жапппа, үш монша, жағажай бар. Сондай-ақ бірнеше жүз ағаш отырғызу жоспарда бар. Демалушылар үшін әдемі фотоаймақтың құрылысы басталды. Ол – матчталары бар толыққанды желкенді кеме болады.

12 адамға арналған сегіз big size қонақ үйі, мейрамхана құрылысы және аумақты абаттандыруды қамтитын үшінші кезең 2025 жылға жоспарланған.

Кәсіпкер Александр Кузьменко өзінің бизнес идеясын жүзеге асыру үшін дәл осы аумақты таңдағаны кездейсоқ емес. Ол ұзақ уақыт бойы балық аулау және аң аулаумен айналысатын, балалық шағы да осында өтті.

«Мұнда зор әлеует бар, бірақ инфрақұрылым жоқ. Сондықтан жұбайымыз екеумізге мұнда бизнес жоба құру идеясы екі жыл бұрын келді. Біз отбасылық бизнеспен айналысамыз деп айта аламыз, өйткені оның көп бөлігі екеуміздің идеямыз. Біздің демалыс орнымыз жергілікті халықты ғана емес, шетелдік туристерді де тартатынына сенімдімін. Мұнда 180 қонақ, ал жағажайға 350 адамға дейін сыяды. Қыста қонақтар үшін мұз айдыны мен шана ойнайтын алаң болады. Жеке гриль алаңдары мен автотұрақтары, спорт және ойын алаңдары бар 20 үй салу жоспарлап отырмыз», – дейді Александр.

Сондай-ақ, тағы бір бағыты – балықшылық болады.

Бізде су көліктері үшін барлық жағдай жасалған. Слип – арнайы суға түсу орны бар. Қайықтар тұрағы, балықшылар түсетін шағын қысқы кемпинг жайлар, балық аулауға арналған он көпір орнатылады.

«Біз жобамыз толық іске қосылған соң жылына 40 мың адамға дейін келеді деп жоспарлап отырмыз. 80-ге дейін жұмыс орнын ашу жоспарлануда», – деді Александр Кузьменко.

Қостанай облысы, Денисов ауданы, Жоғарғы Тобыл су қоймасы, Рудный-Қарабұтақ тас жолының 148 шақырымы

Телефон: +7 7714114643, +7 7712690338

Instagram: @shanyraq23