«BatysIndustry» ЖШС – мұнай-химия өнеркәсібіне арналған технологиялық жабдықтар мен бөлшектер өндірісі

Жаңалықтар
12.08.2024

«BatysIndustry» ЖШС 2021 жылы құрылған және машина жасау жабдықтарын, атап айтқанда, мұнай және газ кен орындары операторларына арналған фланецтер мен шпилькаларды өндіру саласындағы қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Бұл сала толықтай мұнай-газ кен орындары операторларының тапсырыстарына тәуелді. Маркетингтік зерттеулерге сәйкес, сондай-ақ осы кәсіпорындармен жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, өндірілетін өнімге сұраныс айына шамамен 50 000-60 000 шпилька және айына 800-1000 дана фланецті құрайды.

Бұл өнімдердің еліміздің батыс өңірінде келешегі зор, өйткені өндірістік қуат жыл сайын артып, мұнай және газ кен орындарында құрылыс алаңдары кеңейіп, өндірісте жоспарлы жөндеу және бөлшектерді, соның ішінде фланецтер мен шпилькаларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Өнім түрлерін кеңейту мақсатында «BatysIndustry» ЖШС айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Банк ЦентрКредит» АҚ-на жүгінді. Банк «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша жылдық 19,75% сыйақы мөлшерлемесі бойынша қаржыландыруды мақұлдады, оның 8%-ын кәсіпкер төлейді, ал «Даму» Қоры несие бойынша кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда кепілдікпен қамтамасыз етті.

Барлық тапсырыстар мемлекеттік және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес, сондай-ақ тапсырыс берушінің жеке жобалары бойынша, үздіксіз сапа бақылауымен жоғары технологиялық жабдықты қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорында тұтынушыларға өндіріс тиімділігін арттыруға арналған инновациялық шешімдерді ұсыну мақсатында үнемі біліктілігі мен білімін жетілдіретін жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

БҚО, Орал қаласы, Желаево өндіріс аймағы 8/5

Тел.: + 7 (7112) 250 550       

сайт: batysindustry.kz