Тұрақты өндіріс, күннен күнге даму, өнім ассортиментін жаңарту және арттыру, тиімділікті арттыру – «Семейгые традиции» брендімен ет өнімдерін шығаратын «БОВА» ЖК ұстанымы.
Компания 12 жылдан астам уақыттан бері шұжық өнімдерін өндіріп келеді. «Семейгые традиции» бренді Алматы облысы мен Жетісу облысында танымал. Кәсіпорында шикізат пен өндіріс технологиясына ерекше назар аударылады. Табиғи, экологиялық таза шикізат және дер кезінде жеткізу – өндірістің тағы бір ұстанымы.
Жеке кәсіпкер Бова Сергей Сергеевич айналым қаражатын толықтыруға «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. Жобаны «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасының 1-бағыты аясында субсидиялап, кепілдік беріп қолдады.
Шұжық өндірісінде қолданылатын жоғары сапалы дәмдеуіштерге ерекше назар аударылады, өйткені олар өнімнің керемет хош иісін, дәмін шығарады. Шұжықтарды қақтау, ыстау кезінде табиғи және қауіпсіз шикізат – қатты ағаш үгінділерін қолданады. Нәтижесінде нәзік те табиғи дәм береді.
Қазір компания шұжықтардың 6 түрін, жылына 12 тонна өнім шығарады.
Instagram: @family_traditions_tdk
Телефон: 87012721522
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Ломоносов көшесі 28