Тараздық Далабаева Мадина Ерғалиқызы 2021 жылдан бастап мейрамхана, дәмханалар мен жеке тапсырыс берушілер үшін кондитерлік өнімдер дайындап бастады. Кәсіпкер бәліш, күлше, рулет, печенье, торт, тәтті тоқаш, бисквит өндірумен айналысады.
2023 жылы Мадина Далабаева Тараз қаласының орталығындағы кондитерлік цехтың қызметін кеңейту үшін жаңа жабдықтар сатып алуды жоспарлады. Ол үшін «Банк Центр Кредиттен» несие алды «Даму» қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында кепіл болып, пайыздық мөлшерлемені субсидиялады.
Осылайша, 2023 жылы ЖК «Далабаева» жабдықтарды сатып алуға қаражат алып, өзінің бизнес-жобасын табысты іске асырды.
Мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 182.
Тел. +7707 887 20 18
Instagram: @madina.cakes_