Шұжықтың түрі көп. Осы бір жеңсік ас түрін көп адам жақсы көреді, үнемі сатып алады. Оның шығу тегі туралы көптеген болжам бар. Кейбір тіл мамандары шұжық сөзінің өзі түрік тілінен аударғанда қуырылған ет дегенді білдіретін «kul basti» сөзінен шыққан деп есептейді. Славяндар бұл сөздің шығу тегін колобок сөзінен көреді. Ал, колба сөзінің латын тілінен шыққанын алға тартатын ғалымдар да бар. Алайда, бұл болжамдардың барлығының нақты ғылыми растауы жоқ. Дегенмен, шұжықтың тарихы екі мың жылдан астам уақыт бұрын басталды деп сенімді түрде айтуға болады.
Алматыдағы шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорынның бірі – «Еткон» ЖШС. Компания 1998 жылы құрылған, қазіргі уақытта зауыт Алматы мен Қазақстанның танымал «премиум» брендтерінің бірі саналатын «Eткон» сауда белгісімен 50-ден астам өнім түрлерін шығарады. Шикізат ретінде ірі-қара, ұсақ мал мен құс еті ғана пайдаланылады.
«First Heartland Jysan Bank» АҚ арқылы компания «Даму-Өндіріс» шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында инвестицияны қаржыландыруға қол жеткізді. Бағдарлама шарттарына сәйкес, сыйақы мөлшерлемесі жылына 6 пайызды құрайды, компания жеңілдікпен несиелеумен қоса, Қордан кепілдік түрінде де қолдау алды.
«Еткон» ЖШС аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде. «Еткон» ЖШС өндіретін өнім Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін республикадағы ет өндіру көлемін арттыруға ықпал етеді.
Сайт: @etkon.kz
Мекен жайы: Алматы, Төретай көшесі, 92А
Байланыс телефондары : + 7 778 090 98 15