menu
Жабу

Су – тіршілік көзі

Жаңалықтар
16.08.2024

Ауыз су –- өмір нәрі. Қызылорда облысында ауыз су өндірумен кәсіпкер Ербол Балтабайұлы Жақыпов айналысады. Кәсіпкер озондау жолымен тазартып, 450 метр тереңдіктен «Karatau» брендімен артезиан суын шығарады. Артезиан суы фтор, темір, магний және кальциймен қаныққан.

Кәсіпкердің шаруашылық-ауызсу және өндірістік-техникалық сумен жабдықталған нысаны Қызылорда қаласының солтүстік бөлігінде, Сырдария артезиан бассейнінің шегінде орналасқан. Зауыт сағатына 0,5 литрден 18,9 литрге дейінгі сыйымдылықта шамамен 3000 бөтелке шығара алады. Жаз кезінде көлемі артады. Су сапасын кәсіпкер өзі бақылайды. «Karatau» суы денсаулыққа қажетті минералдардың құрамына бай. Бұл метаболизмді жақсартуға, ағзадағы су-тұз тепе-теңдігін сақтауға және иммунитетті нығайтуға ықпал етеді.

Бөтелкедегі ауыз су өндіруге арналған жабдықтар желісін сатып алуға кәсіпкер «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша «Даму» Қорының қолдауымен субсидиялай отырып, «Еуразиялық банк» АҚ-нан қаржы алды.

Дайын өнім кеңселерге, сауда орталықтарына, әлеуметтік мекемелерге, қонақ үйлерге, мейрамханаларға, үй шаруашылықтары және т. б. жеткізіледі.

Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4

Тел: +7 771 371 07 77

Инстаграм: @karatau.water