menu
Жабу

«Вкус Хлеба» нағыз мейіріммен және махаббатпен жасалған

Жаңалықтар
19.08.2024

Хамхоев Алаудин Салманович ашқан «Татым» компаниясы 2001 жылдан бері «Вкус Хлеба» брендімен ерекше сортты нан өндіріп келеді. Оның өнімдері дәстүрлі рецепттер мен заманауи жабдықтар үйлесімінің арқасында ерекше. 

Жаңа жабдықты кәсіпкер «First Heartland Jusan Bank»-тан 19,5%-бен алған несиенің арқасында алды. Бұл – жабдықты жаңартуға және өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Қарыз жүктемесін жеңілдету үшін «Ұлттық жоба» бағдарламасына қатысып, мөлшерлемесін 6%-ға дейін субсидиялады.

Компанияның басты мақтанышы — отбасылық рецепттермен пісірілген нан. Бұл нан жоғары сапасы ғана емес, басқа өнімдерде кездеспейтін ерекше дәмімен де ерекшеленеді. «Татым» ЖК негізі қаланғаннан бері жоғары сапалы нан өндіруші ретінде танытты. Компания үнемі дамып, рецептер мен технологияларды жақсартып келеді.

Мекенжайы: Астана қаласы, Абылай хан даңғылы, 7
Телефон: +7 (7172)320054
Инстаграм: @vkushleba_astana