menu
Жабу

Маңғыстау облысында ASYL MURA брендімен көрпе шығады

Жаңалықтар
20.08.2024

Қазақы көрпе халықтың өткенінен хабар беріп, ата-баба мұрасын, бірегейлігін көрсетеді. Ұлттық нақышта құралған көрпе балалық шаққа ойша жетелеп, әжелеріміздің қолынан шыққан жарқын бұйымдарды еске түсіреді. Кезінде әр көрпенің дизайн, стиліне қарап қай әулетке тиесілі екенін анықтауға болатын. Қазақ ең қымбаты – қызын ұзатқанда жасауына көрпесін түгендеп қосады. Отбасы бақыты да жамылатын, төсенетін көрпесіне байланысты деп ырымдады. Сондықтан көрпе жасауға ерекше мән берді. Қазір бұл өнімдер қайтадан танымал болып келеді.

Ақтаудағы «ASYL MURA» шеберханасында 11 шебер жұмыс істейді. Бұл шағын цехта нағыз сұлулық жасалады. Кәсіпқой тігіншілер клиенттердің қалауы мен талғамына сәйкес әр түрлі тапсырыстарды орындайды. Ұлттық нақыштағы бұйымдарға қазір сұраныс жоғары.

Кәсіпкер «Банк Центр Кредит»-тің Маңғыстау облысы филиалынан несие алып, құралдар сатып алған кезде «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында несиенің пайызын субсидиялап, қолдау көрсетоті.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Instagram: @asyl_mura

Тел.: + 7 (701) 588 16 89