menu
Жабу

Кәсіпкер арудың табыс тарихы

Жаңалықтар
20.08.2024

Кабкенова Аида Барлыбайқызының мамандығы сызу және сурет салу мұғалімі. 2004 жылы оқу бітірген соң жиһаз дизайнері болып жұмысқа орналасты. Дизайнерлік Аидаға қатты ұнады. Бірақ үйленіп, балалы болғаннан кейін 7 жылға мамандықпен қоштасуға тура келді. Тек 2011 жылы Аида Астананың жиһаз салондарының біріне дизайнер болып жұмысқа шықты. Дәл сол жерде жүріп ол осы кәсіпке жақсылап машықтанды. Екі жылдан соң Көкшетауға көшіп, ол жақта да жиһаз дизайнері болды.

2015 жылдан бастап Аида үйде тапсырыс қабылдап, өзі жеке кәсіп істей бастады. Содан кейін көмекші дизайнер алды. Уақыт өте келе дизайнерлер саны 3 адамға дейін артты. Қаражат жинағаннан кейін Аида Қабкенова үй-жайды жалға алып, өзі цех ашады. Жыл сайын клиенттер саны артып, көрме залы үшін қосымша алаңдар қажет болғанда ол өзіне жеке бөлме сатып алу туралы шешім қабылдады.

2020 жылы ЖК үй-жайын сатып алу үшін А.Б. Кабкенова «Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы» бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялай отырып, «ЦентрКредит Банктен» несие алды. 200 шаршы метрлік бөлмеде интерьер заттарын көрсетуге арналған зал орналасты.

2022 жылы кәсіпкер «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, «Даму» Қорының кепілдігін ала отырып тағы екі несие алды. Ол қаражатқа кәсіпкер жиек орау машинасын сатып алды, бұл өндірілетін жиһаздың сапасын арттыруға және жұмыс процесін жеделдетуге мүмкіндік берді. Сондай ақ несие қаражатына материалдар мен дайын жиһаздарды тасымалдау үшін жүк көлігі ГАЗель сатып алынды.

«Біздің бизнесте бәсекелестік үлкен, ірі және шағын жиһаз цехтары бар. Бірақ маған сапаға, мерзімге және дизайнға риза болған жандардан естігендері бойынша ұсыныс көбірек жүгінеді. Қазір көп адам қызметті таңдайды. Бүгінгі таңда мен нөлден бастап қалыптасудың барлық кезеңдерінен өткен кәсіпкермін. Өндірісті ұлғайту және МДФ қасбеттерін өндіруге көшуді жоспарлап отырмын. Әрине, тағы да қолдау алу үшін «Даму» Қорына жүгінемін. Менің іс бастаушы кәсіпкерлерге кеңесім – клиенттер ағынын, қызметкерлердің жұмысын, өндірістің дәйектілігі мен циклін ұйымдастырып, өз мамандарын оқытуы керек. Бизнестің табысты болуы үшін өз ісіңді сүю, мықты ұйымшыл команда құру, ешқашан тоқтамау керек» - дейді Аида Қабкенова.

Көкшетау қаласы, ш / а. Сарыарқа 3/1, Aida_design жиһаз салоны

Instagram @aida_design_koksh