Оралдағы «Прогресс» дүкенінің сөрелерінен қамырдан жасалған тәттілердің барлық түрін көруге болады. «Прогресс» – сауда орнының кеңес дәуірінен бері сақталып қалған аты болғандықтан, иесі оны өзгертпеді. Орал халқы үшін бұл таныс атау қазір де брендке айналған.
Қайда жаңартылған бұл ғимаратта шағын дүкен, аспаздық өнімдерді шығаратын цех бар.
Иесі Флюра Ириковна Миликеева бұл кәсіпке кездейсоқ келген жоқ. Орал кооперативтік техникумы, қазіргі қаржы-экономикалық колледжін өнеркәсіп және азық-түлік тауарларының саудагері мамандығы бойынша бітірген. Кейін Саратовтағы институтта оқып, экономикалық білім алды. «Қазбакалейторг» базасында асханалар мен мейрамханалар желісінде тауар сарапшысы, содан кейін он жылдан астам арматура зауытында асхана директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
Қоғамдық тамақтанудың технологиясы, өзіндік құны, рецептері және басқа да егжейтегжейлері біздің кейіпкерімізге жақсы таныс, сондықтан еш қиындық болмады. Жалғыз кедергі – қаржы болды. Сол себепті кәсіпкер «Банк ЦентрКредиттен» айналым қаражатын толықтыру үшін жылына 21%-бен несие алып, «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында оның 16%-ын «Даму» Қоры арқылы субсидиялап отыр.
Өндіріс өте ықшам, онда өз жұмысын сүйіп істеп, махаббатпен нан пісіретін тамаша наубайшылар жұмыс істейді. Шикізат түгел отандық. Алда Флюра Ириковна өндірісті кеңейтуді, цех салуды, құрал-жабдықтарды сатып алуды және қолда бар өнімдерден бөлек печенье пісіруді жоспарлап отыр.
БҚО, Орал қ, Мұхит көшесі 110/2
Тел. +7 701 333 31 98
Инстаграмм: @progress_mag_uralsk