Болашаққа жол

Жаңалықтар
19.08.2024

Атырау қаласындағы «Happy Choice» мектебі компьютерде бағдарлама жазуды үйретіп, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын бастауыш білім беру ісінің үздік үлгілерінің бірі.

Мұндағы «бағдарламалау академиясы» балаларға неғұрлым болашағы зор мамандықтарды игеруге мүмкіндік береді. It-кабинеттерде оқушылар жоғары технологиялардың нақты атмосферасына енетіндей етіп жабдықталып, (JavaScript, Python, Roblox, Minecraft:EE, HTML+CSS) жағдай жасалған. Оқушылар IT саласын негізінен бастап оқып, нақты IT мамандар сияқты ойлауды үйренеді. Бұл машық оларға жеңілден күрделіге ауысуға және өз жобаларын сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, академияда балалар Arduino, Raspberry Pi және LEGO Mindstorms сияқты әртүрлі технологияларды қолдана отырып робот жасап, бағдарламалауды үйренеді. Балалар бірегей әдіспен ағылшын тілін тереңдетіп оқиды. Көшбасшылық сабақтары өтеді.

«Happy Choice» ЖШС бизнесті кеңейту жөніндегі жобасын «БанкЦентрКредит» АҚ қолдап, несие берді. «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында кепілдік ұсынды.

тел: +7 775 737 97 92

инстаграм: @happy.choice.shool