«Чудо-Чадо» – Қостанай облысындағы балалар студияларының желісі. Негізін қалаушы Бірімжанова Әлия Бауыржанқызы алғашы студиясын 2019 жылы ашқанБастапқыда балабақша ашу идеясы болған. Бірақ салынатын инвестицияларды ескере келе балалар студиясы болады деген шешім қабылданды.
«Балалы болған достарымен әңгімелескен сайын мен олардың көпшілігінің балаларына сапалы күтім мен білім іздеп қиналатынын түсіне бастадым. Олардың бала толы балабақша мен тәрбиешілер назарының жеткіліксіздігі туралы әңгімелері мені ойландырды. Балалар жайлы ортада өсіп, дами алатын кеңістік жасасам ше деген ой осы кезде келді. Шынында да, неге солай етпеске? Мамандығым «балалар психологы» және көп жыл бойы мектепте жұмыс істедім. Жақсы балабақша қандай болатынын білем. Ондай жерде әр бала өзін үйдегідей сезінеді, пікірі маңызды болады. Ал ересектер қолдау көрсетіп, қамқорлық жасайды. Осы оймен мен үй-жайды жалға алдым, өз қаражатымызға жабдықтар мен студияға қажетті барлық заттарды сатып алдық, білікті және кәсіби қызметкерлерді жалдадық. Бизнес осылай басталды», - дейді Әлия Бауыржанқызы.
2020 жылы карантин басталған кезде ғимарат жалдау қиындап кетіп, өз үй-жайын сатып алу жайлы шешім қабылданды. Мұндай дағдарыс дамуға серпін берді. Компания несие алып, өз ғимаратын сатып алды.
Ал 2022 жылы Әлия Бауыржанқызының балалар студиясының 3 филиалы мен балабақшасы болды. «Чудо-Чадо» дамыту орталықтарында 1-3 жастағы балаларға арналған «Ана мен бала» тобындағы балалардың ерте дамуы, 3-4 жастағы балаларға арналған «Евросад» күндізгі балалар клубы, 4,5-5,5 жастағы балаларға арналған шағын орталық, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мектепке дайындық, оқушыларға арналған ұзартылған күн тобы бар 1-4 сыныптар мемлекеттік және орыс тілдерінде, жылдам оқу, каллиграфия, менталды арифметика, ағылшын және қазақ тілдерін үйрену, шахмат, домбыра сабақтары, сурет және қолөнер сабақтары, қағаз модельдеу және оригами үірмелері жұмыс істейді.
Сұраныс көп болғандықтан, 2023 жылы тағы бір балабақша ашу туралы шешім қабылданды. «Банк ЦентрКредиттен» несие алып, ол ойды да жүзеге асырды. «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялап, кепілдік беріп қолдады.
«Банкке қажетті барлық құжаттарды жинап, бизнес-жоспар құрып, біз тағы бір үй-жайға несие алдық. Ақырында біз барлық талаптарымызға сәйкес келетін тамаша орынды таптық. Қазір біз сол жерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біздің жаңа балабақшада балаларды жас кезінен бастап еліміздің мәдени мұрасымен таныстыру үшін әрқайсысы ұлттық стильде безендірілетін үш топ құру жоспарлануда. Біз сондай-ақ балалар өз талантын ұштай алатын түрлі үйірмелерді қарастырдық. Сонымен қатар, интерактивті жабдық орнатылады, ол оқу мен ойнаудың пайдалы құралы болады. Мемлекеттің қолдауының арқасында бізде жаңа балабақша үшін өз үй-жайымызды сатып алатын мүмкіндік пайда болды, сол үшін қатты ризамыз! Шынында да, жақын арада біздің жаңа балабақшамыз балаларға есігін айқара ашады» - дейді Әлия Бауыржанқызы.
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 123
Телефон: +77714310884
Instagram: @chudo_chado_kst