Qaragash – ағаштан ойып, сәнді етіп жасалған ағаш ыдыстар, эко өнім. Астау – қазақтың ұлттың ыдысы. Ет, қуырдақ салып, бас тартқанда пайдаланады. Экологиялық ыдыстың басты артықшылығы – мұндай ыдыстағы ет ыстығын ұзақ сақтайды. Дастарханға көрік береді.
«KormHub» ЖК басшысы Ернар Қадылбекұлы Жексенов бизнеспен 2020 жылдан бастап айналысады. Негізгі қызметі – ағаштан бұйымдар жасау. Бизнес тарихы әдеттегі хоббиден басталды. Ернұр бала кезінен ағаштан мүсіншелер ойып, бұйымдар жасауды ұнататын. Кейіннен астау шығару идеясы пайда болды.
Ағаш бұйымдарды өңдейтін жабдықтар сатып алу үшін «Банк ЦентрКредитке» жүгінген кәсіпкер инвестиция үшін несие алды. Жобаны «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» 1-бағыты аясында «Даму» Қоры қолдап, субсидия мен кепілдік берді.
Қазір шеберханада жылына 5 мыңнан астам дайын өнім шығаратын тәжірибелі шеберлер жұмыс істейді. Дайын өнімдер ұлттық стильде безендірілген ыдыс-аяқ дүкенінде сатылады.
Мекен-жайы: Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Жангелдин көш., 31 үй
Instagram: @astau_optom_garagash
Телефон: +7 775 091 11 91