Жеке кәсіпкер Дирик Бақыт Бөлешқызының дымқыл майлықтар шығаратын компаниясы 2021 жылдан бастап «Euromix», «Breeze» және «Dino baby» атаумен нарыққа өнім ұсынып келеді. Қазір бұл брендтер сапа мен гигиенаның жоғары деңгейінің символына айналды.
Компания балалар майлықтары, бактерияға қарсы майлықтар, тазартқыш майлықтар, қалта майлықтар 15-тен 120-ға дейінгі қаптамадағы, сондай-ақ дәретхана қағазы мен қағаз сүлгілері сияқты қағаз өнімдерінің түрлерін шығарады. Заманауи автоматтандырылған жабдықты пайдалана отырып, жоғары сапалы материалдар мен қоспалардан жасалған.
Жеке гигиена құралдарына сұраныстың артуы, сонымен қатар кір сабын мен дәретхана қағазын қоса алғанда, ассортименттің кеңеюі адамдардың өмір сүру деңгейінің жақсаруының оң динамикасын көрсетеді. Бұл процеске Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі дилерлер арқылы өнімді табысты өткізу ықпал етеді.
«Біздің өндіріс қуатымыз жыл сайын артып келеді. Жылына 1000 тонна дымқыл майлық, 200 тонна құрғақ майлық және 200 тонна қағаз өнім шығарамыз», - дейді Бақыт.
«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания 2021 жылы «Forte Bank» АҚ-тан айналым қаражатын толықытруға жылына 14%-бен қаржыландыру алды, оның 8%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.
ЖК «Дирик Бакыт» өнімдерінің ерекшелігі – нарықтағы сондай өнімдермен салыстырғандағы бағасы қымбат емес әрі сапасы жоғары болғандығында. Компанияның ассортиментінде премиум және орташа баға сегменттерінің өнімдері бар. Әр тұтынушы өз талаптары мен қалауына сәйкес келетін өнім таба алады.
Мекенжайы: Шымкент қ., Исфиджаб т/а, әл-Фараби көш.,12.
Телефон: +7-777-560-01-74, +7-777-096-25-01
Инстаграм: @cleansfabric