Мемлекеттік қызметте болған Бағдат Достаев жеке бизнес ашуға шешім қабылдаған кезде өміріндегі ең маңызды қадамды жасады. Ол дәмді ас, сапалы қызмет және жайлы атмосферасы бар кофейня ашты. Мүндай жер ашуды армандаған Бағдат Жақсыбекұлы Coffeeboom франшизасын таңдады. Бұл бренд өз сапалы өнімімен және мінсіз қызметімен танымал.
«Астана Бизнес 2» бағдарламасы аясындағы 7%-дық несие «Достаев» ЖК-ның идеясын жүзеге асыруға сеп болды. Бұл бағдарлама оған ғимаратты дайындау және жабдық сатып алу үшін қажетті қаржыны ұсынды. Сонымен қатар, ИП Достаев «Даму Оптима» бағдарламасын пайдаланып, несиеге кепілдік алды. Бұл кепілдік қажет қаржыға қол жеткізуге көмектесті.
Ұйымдастыру , білікті персонал таңдау сияқты қиындықтар Бағдатты тоқтата алмады. Ол қолдау бағдарламалары ұсынған ресурстарды белсенді түрде пайдаланып, франчайзердің ұсыныстарын орындап, жоғары сапалы өнім мен қызмет көрсетуді жолға қойды.
Сапалы қызмет көрсету мен жайлы атмосфераның арқасында кофейня жергілікті тұрғындар арасында тез танымал болып, тек табысты бизнес қана емес, көп адамның сүйікті орнына айналды. Клиенттердің оң пікірлері мен тұрақты келушілердің ағыны франшиза таңдаудың және қолдау бағдарламаларын пайдаланудың дұрыс екендігін растады.
Мекенжай: Толе би көшесі, 50
+7 707 313 02 02
Сайт: Coffeeboom.kz