«ТЕРРА» ЖШС 2009 жылдан бері ірі қара мал өсіріп, ет өңдеп, консервілеумен айналысып келеді. Негізінен Абердин-Ангус тұқымды мал өсіреді. Шаруашылықтың 13 211 гектар жері Қостанай облысы Қарабалық ауданының аумағында орналасқан. Материалдық-техникалық жағынан жақсы жарақтанған. «ТЕРРА» ЖШС бордақылау алаңы Қазақстандағы ең ірі алаң. Бір мезетте 20 000 бас ұстай алады.
2024 жылы «ТЕРРА» ЖШС «Қазақстан қор биржасына» облигация шығару есебінен айналым қаражатын толықтыруға 495 млн теңге тартты. «Даму» қоры осы жоба аясында купондық сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады. Соның арқасында кәсіпкер үшін соңғы пайыздық мөлшерлеме жылдық 6%-ды құрады.
«Облигациялар шығару — «ТЕРРА» ЖШС үшін капитал нарығына шығу жолындағы маңызды қадам. Тартылған қаражат бізге ірі қара мал бордақылайтын арпаға деген жылдық қажеттіліктің 20%-ын жабуға мүмкіндік береді. Азық жинау-біздің қызметіміздің маңызды аспектілерінің бірі. Дайын өнім Қазақстанның ішкі нарығында да, экспортқа да сатылатын болады. 12 тамызда Анкарада біз Түркияға сиыр эксп экспорттау туралы шартқа қол қойдық, бұл біздің өткізу нарықтарын кеңейтуге және халықаралық байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысымызды көрсетеді. Біз «Даму» Қорына облигациялық шығарылымымызды қолдағаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл біздің дамуымызды жалғастыруға және жаңа биіктерге жетуге көмектесетін Қазақстанның нақты экономикасына нақты үлес», - дейді «ТЕРРА» ЖШС директоры Марат Утелбаев.
Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Алматы-Екатеринбург трассасы, 3 ғимарат
Телефон: +7(71441)31396
Сайт: agrind.kz
Instagram: @terra_group_kz