19.03.2019
«Феникс» Жиһаз Фабрикасы» ЖШС директоры Құдабаев Сапар бизнестегі жолын таңдағанда жиһаз өндірісінен бастады. «Мен үшін ең алдымен процесс үшін маңызды. Бұл - жаңа бұйым ойлап табу, жасау, толық аяқтау процесі. Бұл мені қатты қызықтырады. Екіншіден, адамның тұрмысы үшін жиһаз әрқашан қажет. Жаңа үй салса да, басқа үйге көшсе де, тіпті ескісін жаңартқысы келсе де - жиһаз қажет.
Жиһаз бизнесіне Сапар мектепті бітіре сала келді. Біраз уақыт өндірісте жұмыс істеп, содан кейін ғана университетке оқуға түсуге шешім қабылдады. Бірақ Сапарға жергілікті фабрикадағы жұмысының ұнағаны соншалық, ол бастапқыдағы университетке түсу туралы ойын шегере тұру туралы шешім қабылдады. Фабрикада жұмыс істеп, өндірісте тәжірибе жинап, кәсіп жөніндегі білгенін арттырған соң өзі кәсіп бастады.
Бастапқыда тапсырыс азырақ болды. Бірақ уақыт өте келе көбейіп, жас кәсіпкер өз компаниясын ашты. Сапар жас кәсіпкерлерге өз бизнесін бастаудан, қателік жасаудан және шығындардан қорықпауға кеңес береді.
«Он рет қателесуге болады, бірақ он бірінші қадамың сәтті болады. Жастық шақ –адамның қателесуден қорықпайтын уақыты. Өмірде өз орнын іздеу уақыты. Сондай-ақ мемлекет кәсіпкерлерге субсидиялау мен оқыту жағынан көмек көрсетеді. Кепілзат жеткіліксіз болған кезде Даму Қорының қолдауы бар», - дейді Сапар Құдабаев.
Кәсіпкер мұндай қолдаудың көп елде жоқтығын айтады. Мысалы ресейлік кәсіпкерлер алты пайыздық несие туралы тек армандай алады.
«Феникс» Жиһаз Фабрикасы» ЖШС 2015 жылдан бастап мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолданып келеді. 2015 жылы жабдық сатып алу және айналым қаражатын толықтыру үшін Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағдарламасы бойынша 6 пайыздық қаржы алды.
«Мен ұзақ уақыт созылып кете ме деп ойлап едім. Бірақ бәрі өте жылдам өтті. Біз жабдықтың бір бөлігін Ресейден, екінші болігін Қзақстанда сатып алдық. Қарыз қаражатының арқасында өндірістің айтарлықтай өсуіне қол жеткіздік болды», - дейді Сапар Құдабаев.
2018 жылы компания жабдықтар сатып алу үшін Қайта өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша «Еуразия банкі» АҚ арқылы алты пайыздық несие алды.
Кәсіпкер сондай-ақ өз қызметкерлері мен өзінің білім жетілдіруіне көп көңіл бөледі. Топ-менеджментті оқыту бағдарламасы бойынша Сапар Германияда тәжірибе өту байқауынан өтті. Енді биыл наурыз айында Алманияда тәжірибеден өтеді.
Қазір компания тұрмыстық және кеңсе жиһаздарын шығарады. Сонымен қатар BI Group компаниялар тобы, Назарбаев зияткерлік мектептері және т.б. мекемелерді жиһазбен қамтып отыр.