menu
Жабу

«Abzal home textile» тігін компаниясының үй тоқымасы

Жаңалықтар
04.09.2024

Сәрсенбай Гүлмира Сырлыбекқызы жеке кәсіпкер ретіндегі жұмысын Семей қаласындағы базарда мата сатудан бастады. Жалға алған дүкенде сауда жасай жүріп, жылдар бойы клиент жинады.

Адамдар өз үйлерінде жайлы атмосфера жасауға тырысады, ал үй тоқымасы осы істе маңызды рөл атқарады. Сапалы және стильді үй тоқымасына сұраныстың едәуір өскенін байқай отырып, Гүлмираға өндіріс ашу туралы ой келіп, шешім қабылдады. Іс бастамас бұрын нарықтағы трендтер, тұтынушылардың сұранысы зерттелді және сенімді жеткізушілер тапты. Кәсіпкер әлеуметтік желілердегі парақшасын белсенді жүргізіп, онда шығарылған өнімдермен бөлісіп, кері байланыс орнатып, клиенттер жинады. Келесі кезең цех табу болды.

2020 жылы Гүлмира Сырлыбекқызы өндірістік үй-жай сатып алу үшін «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қорының қолдауымен кәсіпкер үшін несиенің мөлшерлемесін жылына 6%-ға түсірді.

Қазір «Abzal home textile» – бизнес қана емес, сапа мен стильді бағалайтын адамдар қауымдастығы.

Мекенжайы: РК, Абай облысы, Семей қаласы, Телман көш, 158

Инстаграм: @abzal_textiles