Қарағанды қаласында бизнес-мектеп ашылды

Жаңалықтар
04.09.2024

Білім күні қарсаңында Қарағанды қаласында «QAZGUU School» атты жаңа бастауыш бизнес-мектебі ашылды. Бұл білім беру жобасы кішкентай оқушыларды бизнес пен кәсіпкерліктің негіздерімен ойын және қызықты түрде таныстыра отырып, олардың жас кезінен бастап кәсіпкерлік бағытта ойлау жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мектептің негізгі міндеттері:

- Бизнеске деген қызығушылықты қалыптастыру: бизнесті зерделеуді қызықты ету;

- Балаларға болашақта пайдалы болатын қарым-қатынас, ынтымақтастық және сыни ойлау дағдыларын үйрету;

- Тапсырмаларды шешуге шығармашылықпен қарауды ынталандыру және оқушылардың бастамасын көтермелеу.

1-4 сыныптарға арналған «QAZGUU School» оқу бағдарламасы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленді және интерактивті элементтерді, ойын әдістемелерін және тәжірибелік сабақтарды қамтиды.

«Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың аясында мектеп 2024 жылы «ForteBank»-тен тұрғын емес үй-жай сатып алуға, сондай-ақ оны жөндеу және мектеп қызметін ұйымдастыру үшін жарақтандыру үшін қаражат алды.

«QAZGUU School» тобы білім беру саласында және бизнесте тәжірибесі бар білікті мамандардан тұрады. Тәрбиешілер балаларды оқытып қана қоймай, олардың тәлімгерлері мен көмекшілері бола отырып, оларды жаңа жетістіктерге шабыттандырады.

«NBM» ЖШС ашқан «QAZGUU School» бизнес-мектебінің ашылуы-қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне дайын жаңа буынды құруға жасалған маңызды қадам. Мұнда оқушыларды қызықты сабақтар, танымдық жобалар және достық және қолдау жағдайында даму мүмкіндігі күтеді.

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 35

+7(778)0027744

@qs_school_krg