Astana Ceramic – жоғары сапалы кірпіш

Жаңалықтар
03.09.2024

«Cerablock» брендімен жоғары сапалы кірпіш пен ірі форматты керамика блоктар Ақмола облысындағы зауытта өндіріледі. «Астана Керамик» ЖШС кірпіш зауыты 2007 жылы құрылып, Целиноград ауданы Қабанбай Батыр ауылында орналасқан. 13 гектарлық зауыт жылына 30 миллион шартты кірпіштен тұратын заманауи автоматтандырылған өндіріс. Өнім өндіру үшін компанияға тиесілі және зауытқа жақын орналасқан кен орнының карьерінен саз алынады.

Дәстүрлі кірпіштің беріктігі мен отқа төзімділігі сияқты артықшылықтарын біріктірген әрі ірі форматының арқасында кірпіш қалау уақыты азаяды, ал кеуектері, форматты керамиканың ерекше құрылымы осы материалдан жасалған үйлерді кәдімгі кірпішпен салыстырғанда әлдеқайда жылы етеді және үйді жылыту шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Модернизацияланған өндіріс жоғары сапалы дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді, заманауи жабдықтар өндірістен шығатын зиянды шығарындылар көлемін азайту арқылы қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді, заманауи және жайлы еңбек жағдайларын жасау арқылы еңбек мәдениетін жаңа деңгейге көтереді.

Мемлекеттің қолдауының арқасында зауытты жаңғырту ісі сәтті аяқталды. Атап айтқанда:

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында өндірісті кеңейту мен жаңғыртуға алған несиесінің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін «Даму» Қоры субсидиялады. 2023 жылы кәсіпорын айналым қаражатын толықтыруға Bereke Bank-тен қаржы алды. «Даму» Қоры бұл қарызды «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидиялады.

Қазіргі уақытта «Astana Ceramic» ЖШС кірпіш зауыты - Ақмола облысындағы ірі форматты керамикалық блоктар өндірумен айналысатын жалғыз кәсіпорын. Болашақта дайын өнім ассортиментін кеңейту жоспарлануда.

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр кенті, 037 квартал, 708 құрылыс

Сайт https://astanaceramic.com/