Бетон өндірісінде 30 жылдық тәжірибесі бар компания

Жаңалықтар
04.09.2024

Алматыда бетон бұйымдарын шығаратын көшбасшы кәсіпорынның бірі – «Конкрит Продактс» ЖШС. Компания 1991 жылы құрылған, қазір өндірістік аумақтарды дамытумен айналысатын әртараптандырылған брендпен жұмыс істейді. Ол Қазақстан бойынша ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй кешендерін жобалаудан бастап, абаттандыруға дейін құрылыс материалдарын өндірудің толық цикліне ие. Германия, Италия, АҚШ және Ресейдің жетекші компанияларының технологиясы мен өндірістік желілерін пайдаланады. Портфолиосына: CONCRETE BLOCK, CONCRETE REINFORCED, CONCRETE PAINTS сияқты тәуелсіз брендтер кіреді.

Алматы индустриал аумағында құрастырмалы темірбетон және бетон конструкциялары мен бұйымдарын шығаратын зауыт құрылысына инвестиция қажет болғанда компания «Bank RBK»-дан қаржы алды. «Басым жобаларды несиелеу және қаржылық лизинг тетігі» бағдарламасы бойынша 15%-дық сыйақы мөлшерлемесінің «Даму» Қоры субсидиялайтын бөлігі жылына 9%-ды құрайды.

«Конкрит Продактc» ЖШС аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде. «Конкрит Продактc» ЖШС өндіретін өнімдер республикадағы құрылыс материалдарының өндірісін ұлғайтуға және құрылыс мерзімін жеделдетуге ықпал етуде.

Сайт: sales@concrete.kz

Мекенжайы: Алматы қ-сы, Ангарская к-сі, 129

Байланыс телефондары : + 7-700-978-84-35