Жақында Қостанайда құрама жем шығаратын жаңа зауыт іске қосылады

Жаңалықтар
05.09.2024

«Адал-LTD» ЖШС – тәулігіне 240-250 тоннаға дейін ұн өндіруге мүмкіндік беретін заманауи түрік жабдығында ұн тартатын диірмені бар өндіріс-сауда кәсіпорыны.

Компания 2015 жылдан бастап жұмыс істеп тұр. Меншігінде 3 078,80 ш.м. диірмен кешені, жалпы 18 793 тонна бидай сыятын 11 сүрлем корпусы, 1 890 тонна дайын өнімге арналған қойма бар. Ұн елде сатылумен қатар, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан, Түрікменстан және Ауған елдеріне экспортталады.

2023 жылдан бастап компания жаңа қызмет түрі – жануарлар мен құстарға арналған құрама жем өндірісін дамыту туралы шешім қабылдады. Жаңа жем зауытын өз қаражаты есебінен салды, ал жабдықты «BCC Leasing» ЖШС арқылы лизингке сатып алды. Ол кезде «Даму» Қоры «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады. Компания мемлекеттік бағдарламаларға бірнеше рет қатысқан. Ол кезде де кәсіпорын айналым қаражатын толықтыру және ұн өндіруге арналған инвестициялар үшін қаржы алды.

Жаңа құрама жем зауыты компанияға тәулігіне 150 тоннаға дейін құрама жем өндіруге мүмкіндік береді. Зауыт айына 4 500 тонна құрама жем шығарады. Құрама жемді ірі қара және ұсақ мал өсіретін фермалар, сондай-ақ Қазақстанда да, шетелде де орналасқан құс фабрикалары сатып алады.

Қостанай облысы, Қостанай қ., Северная өнеркәсіптік аймағы, 71 ғимарат

Тел: +7 (7142) 39-01-89