«Терезе орталығы» терезе индустриясы саласындағы көшбасшы

Жаңалықтар
09.09.2024

Сейпиев Ринат Сағындықұлы 2006 жылдан бастап «Терезе орталығы» брендімен пластик терезелер жасап, орнатумен айналысады. Оның ашқан цехы халыққа өнімдердің пластик терезе, керме төбе, кіреберіс есіктер сияқты т.б. тауарлар мен қызметтердің кең спектрін ұсынады. Заманауи жабдықтар, сапалы материалдар мен терезе индустриясы саласындағы жаңа технологияларды қолданудың арқасында өнімдер сұранысқа ие.

Компания терезелерді орнатып қана қоймай, техникалық қызмет көрсету бойынша толыққанды қызмет көрсетіп, максимал функционалдығын, қауіпсіздігін және эстетикалық тартымдылығын қамтамасыз ететін ілеспе өнімдерді де шығарады. Барлық жұмыстар мен өндірілген тауарларға ұзақ кепілдік мерзімін ұсынады.

Компания қысқа мерзім ішінде өзін сенімді, тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорын ретінде көрсете алды. Мықты менеджмент пен білікті шеберлердің тәжірибесінің арқасында нарықта жетекші орынға шыға алды. «Терезе орталығы» әрдайым клиенттердің тілектеріне назар аударады, іске асыруға ыңғайлы кестелер ұсынады.

Кәсіпкер субсидиялау және бизнес несиелеріне кепілдік беру сияқты бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарын бірнеше рет пайдаланды. 2024 жылы ол дайын өнімді тасымалдауға ГАЗель автокөлігін сатып алу үшін банкке жүгінді. Жобаны «Банк ЦентрКредит» АҚ қолдап, «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында несие берді. Сыйақы мөлшерлемесі жылына 19,75% құрағанмен, оның ішінде кәсіпкер 8%-ын ғана төлейді, ал айырмашылықты «Даму» Қоры субсидиялайды.

Петропавл қ, Бөкетов к-сі 12

+7 (7152) 40‒03‒19

сайт: https://centerokon.kz/

insta: @tsentr.okon