Жетісу облысында «Умные детки» жекеменшік мектебі ашылды

Жаңалықтар
09.09.2024

«Умные детки» жобасының табыс тарихы 2017 жылы балабақша және қосымша білім беру курсы ретінде ашылған кезден басталады.

Гаухар Батырбекова ол кезде Талдықорған қаласының орталығында орналасқан жеке тұрғын үй базасына күрделі жөндеу жүргізіп, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арнап орталық ашты. Бизнесті біртіндеп дамыта отырып, орталық жанынан мектепалды даярлығы бар балабақша ашуды шешті. Себебі мемлекет жаңа балабақшалар ашуға көп көңіл бөле бастады.

Ал юірнеше жылдан кейін мемлекеттік білім ошақтары да аз екенін көріп, Гаухар Елтайқызы жеке мектеп ашуға шешім қабылдады.

Осы мақсатта «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан несие алған кезде жобаны «Даму» Қоры қолдап, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында субсидия мен кепілдік берді.

«Умные детки» жекеменшік мектебі биыл ашылды. Мұнда 1-4 сынып оқушылары білім алады. Білікті мұғалімдер сабақ береді. Сыныпта 20 оқушыға дейін ғана отырады. Бұл мұғалімдерге әр оқушымен қарқынды қарым-қатынас орнатуға және олардың оқу үлгерімін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл мектепте 10 сынып бар және 200 оқушы сыяды. Мектеп дүйсенбіден жұмаға дейін 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Күніне екі рет тамақтандырады (таңғы ас, түскі ас және түстен кейінгі тағамдар).

Instagram: umnyedetki_school_tdk

Телефон: 8 778 150 77 99

Адрес: область Жетысу, г. Талдыкорган, ул.Медеу, 31.