Алматыда шәрбат шығаратын компания бизнесін дамытуға жеңілдікпен қаражат алды

Жаңалықтар
17.05.2017

«BBS Trade» ЖШС – мейрамхана , дәмхана және мейрамханалар үшін «HoReCa» нарығына «Siroppi» брендті тәтті соус пен «BarBadoS» шәрбатын шығаратын тұңғыш қазақстандық компания.

Табиғи қоспалардан жасалған «Siroppi» атты тәтті соус шығаруды «BBS Trade» компаниясы 2015 жылдың сәуір айында қолға алған болатын. Бір жыл өткен соң кофе қуыратын өндіріс те іске қосылды. Бүгінгі күні өнім түрі жетпістен асады.

Компания өнім түрлерін көбейтіп, өткізетін аумақтарын ұлғайту арқылы сатылым көлемін де арттырып отыр. Кәсіпті қолға алған уақыттан бері (2014ж.) Астана мен Шымкент секілді ірі қалаларда сауда нүктелері пайда болып, 22 жұмыс орны ашылды. 2018 жылдың соңына қарай тағы 4 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Компания 2017 жылдың наурыз айында кофе қуыратын қосымша құрал алуға 17,9 млн теңге және шәрбат шығаратын шикізат алуға деп 12,6 млн теңге алу үшін үшін «Қазақстан Халық банкіне» өтінім берген.

Жоба тамақ өнеркәсібі және су мен алкогольсіз сусындар шығаратын сала кәсіпкерлеріне арналған аймақтық «Алматы өнім» бағдарламасы аясында қолдау алды. Бұл бағдарламаның негізгі талабы бойынша кәсіпорын Алматыда тіркеліп, жоба осы шаһарда жүзеге асырылуы керек.

Екі несие бойынша да пайыздық мөлшерлеме жылына 8,5% құрады. Кәсіпкер мұнымен қатар ішінара 50 пайыз кепілдендіру құралын да пайдаланды. Нәтижесінде екі несие бойынша кепілдік көлемі 8,9 млн және 6,3 млн теңге болды.

Компания басшылығы болашақта да қол жетімді бағаға шет елдік осындай өнімдерге қарағанда сапалы, ерекше өнім шығаруды жалғастыратынын айтады.