info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Дәнекерлеу жабдықтарын шығаратын Павлодар зауыты мемлекеттің қолдауымен дамып келеді

Жаңалықтар
02.06.2017

«Сварко» ЖШС - дәнекерлеу жабдықтарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт. Бұл мекеменің үлкен және кіші дәнекерлеу құралдарын жеке азаматтар ғана емес ірі кәсіпорындар да сатып алады. Өнімнің барлық түрлері шетелдік аналогтарынан кем түспейді және компанияның өз мамандары құрастырған.


Компания мұндай жетістікке мемлекеттің қолдауымен жеткен


2016 жылы «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша жылына 6 пайызбен 175 млн теңге көлемінде қарыз алып, жабдықтар сатып алып, айналым капиталын арттырды. Сонымен қатар, кепілзат жетіспегендіктен «Даму» қорының кепілдігін алды.


Жоғары сапалы өнім жергілікті нарықты ғана жаулап қоймай, экспортқа да шықты. Қазір компания Новосібір, Екатеринбор қалаларында филиалдарын ашты