Григорий Красноусов 2006 жылы Талдықорған қаласынының орталығында кішігірім кафе ашу үшін ғимаратты жалға алып, бизнес бастады. Косымша алкогольдық және алкогольсыз сусындар сату үшін дистрибьютерлік келісім-шартқа отырып жұмыс істеді. Ақырындап өз кәсібін жолға қойып, ипотекалық несиелендіру арқылы жұмысы жолға қойылған кафе сатып алуға бел буады. Кафесінің жұмысы жанданып, пайда таба бастаған соң несие арқылы азық-түлік дүкенін сатып алды.
«Бизнесте бір орында тоқтап қалмай, мемлекеттік қолдаулардың көмегімен өндіріс саласына да бет бұруды ойладым. «Даму» Қорына келіп «Даму-Өндіріс» мемлкеттік бағдарламасы бар екенін біліп, толық мәлімет алдым. Бүгінгі күні мен «Эковата» кұрылыс материалын шығару өндірісін сәтті жүргізіп отырмны»,- дейді Григорий Красноусов.
Эковата - бұл жаңа өнім. Ол дәстүрлі оқшаулағыш материалдар мен жылылап қаптағыштардың барлық артықшылықтарының басын қосады. Негізінен жеке үйлер, қоғамдық, коммерциялық және өндірістік ғимараттар мен ауылшаруашылық құрылысында дыбыс өткізбеу мақсатындада қолданылады.
Красноусов Евгений өз кәсібін «Жеке кәсіпкер Триумф» деп атап, қайта өңдеу өнеркәсібі бағдарламасы аясында өндіріс құралын алу үшін 6 пайызбен Центр Кередит Банкінен несие алды.