menu
Жабу

Мемлекеттің басты мақсаты - ауылды дамыту

Жаңалықтар
06.06.2017

Байзақ ауданында жеке кәсіпкер Иззатов Джамшид Махмудұлы «Даму» Қорының қолдауымен бөлшек сауда саласын табысты дамытып келеді.


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының бірінші бағытына сәйкес, «Даму» Қорының қаржылық қолдауы моноқалалар, шағын қалалар және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерге салалық шектеусіз көрсетіледі.


Осы артықшылықты пайдаланып қалу мақсатында, Байзақ ауданы Талас ауылының жеке кәсіпкері Джамшид Иззатов «Евразийский банк» АҚ арқылы екі бірдей несие алуды шешті.


2 млн теңге көлеміндегі несие тауарды жеткізу үшін жүк автокөлігін сатып алу қажет болса, екіншісі 2 млн теңге көлемінде айналым қаражатын толықтыру үшін қажет болды. Себебі, кейіпкеріміздің негізгі қызметі – жалға алынған дүкенде халық тұтынатын тауарларды халыққа даналап сату арқылы өткізу. Ал тауар жаңа сауда нүктесін ашуға қажет болды.

Алайда, кәсіпкердің жылжымайтын мүлкі кепіл үшін жеткіліксіз болып, әрқайсысы 500 мың теңгені құрайтын 2 кепілдікті алу мақсатында «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінді.

Осылайша, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың барлығын пайдалана отырып, Джамшид Махмудұлы өз бизнесін дамытып келеді. Есесіне ол өз ауылдастарына жаңа жұмыс орындарын ашады, бәсекелестер алдында артықшылығын көрсетеді.

Қор барлық кәсіпкерлерді осы жобаны мысал ретінде алып, мемлекеттік қолдаудың барлық спектрлерін пайдалануға шақырады. Біздің мекен-жай: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 94 үй.

Байланыс телефондары: 8/7262/999470