Жергілікті өндірушілер өз тауарларымен нарықты қамтып отыр

Жаңалықтар
12.06.2017

«West Mangistau» ЖШС - өз қызметін 2013 жылдың ақпан айында бастаған. Кәсіпкер 2 бағыт бойынша қызмет атқаруда.


Ол жиһаз және пластик терезе мен есік өндірісі. Кәсіпкер жеке тәжірибесінің арқасында өндіріс күшін екі есеге арттыруға шешім қабылдап, «Казкоммерцбанк» АҚ арқылы өңдеу өнеркәсібі саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы бойынша 16 000 000 теңге несиені жылына 6%-бен алды.


Қаражатқа кәсіпкер Еуропада өндірілген қазіргі заман талабына сай, өнім шығару жылдамдығын арттыратын құрылғылар сатып алды.



 Бұл - кәсіпкерге аз уақыт ішінде алуан түрлі дүние шығаруға және, ассортиментін көбейтуге мүмкіндік беріп отыр.