09.05.2019
1998 жылы құрылған «Юнилюкс» ЖШС Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан. Компания тұрғын үй, коммуналдық және өндірістік жайларды жылытып, ыстық сумен қамтамасыз ету үшін қуаты әр түрлі қазандықтар шығарады.
Компания «Даму» қорының «Өндіріс-III» атты өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша 6 пайыздық мөлшерлемемен Forte банкінен қаржы алды.
«Біздің мақсатымыз - отандық үздік жылу қазандықтарын шығару. Өнімдер ел бойынша және көрші елдерде сатылады. Бұл қазандықтар өнертабыс болып саналады және Қазақстан, Еуразия, Украина және Түріктің патенттерімен қорғалған», - дейді компанияның бас директоры Талғат Бекұзақұлы Тұрсынов.
Айта кету керек, бұл компания жыл сайынғы «ULTTYQ UNNIM» көрмесіне қатысып тұрады.