menu
Жабу

Семей қаласында мүмкіндігі шектеулі жанға көмек көрсетілді

Жаңалықтар
15.06.2017

Лободенко Дмитрий - туа біткен Церебралды сал ауруын шалдыққан ІІ топ мүгедегі. Сондықтан оқуға бара алмай үйде білім алған. Мектеп бітіргеннен кейін, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университетіне түсіп, «геодезия және картография» мамандығы бойынша диплом алды. Дмитрий мүмкіндігінің шектеулі екеніне қарамастан, әрі қарай білімін жалғастыруға шешім қабылдап, «Қызмет көрсету колледжінде» түсіп, қосымша «Шанс» агенттігінде «Corel Draw» курсын оқыды.


Сонымен қатар қоғмадық жұмыстарға да белсенді араласып жүрді. Мысалы, Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандараға өткізілген «Мүмкіндігі шектеусіз» жобасына өз еркімен волонтер негізінде қатысты.


Бір сөзбен айтқанда, қол қусырып қарап отыра алмайтын. Қазіргі таңда Дмитрий Жобалауды дизайнер ретінде қызмет көрсете отырып, «Танден Трйед Компани» көтерме сауда фирмасында офис-менеджер болып жұмыс атқарады. Алайда қазір оның компьютері өте ескіргендіктен, жұмысын біраз қиындататыны бар еді. Сондықтан біраз уақыт бұрын Дмитрийдің «Даму-Көмек» бағдарламасы сайтына өтініш бергенін көрген «Штиф» ЖШС басшысы жас жігіттің қажет мүлкін сатып алып берді.

13 маусым күні Дмитрийге «Даму» Қорында көптен күткен ноутбук табысталды.