info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Павлодар облысының бояулар мен лактар шығаратын компаниясы әлемді жарқын етуге көмектеседі

Жаңалықтар
15.05.2019

гамилон презентор5 стр (1).jpg 

Павлодарлық «Gamilon kz» компаниясы нарықта 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде сапалы өнімдерімен клиенттерінің сеніміне ие болған.

гамилон презентор.jpg03 (1).jpg

Еуропа технологиясы бойынша өнім шығаратын компанияның тауар белгісі - Weber. Негізінен алкидті және су негіздегі өнеркәсіптік лак-бояу материалдарын жасап шығарумен айналысады. Барлық өнімнің сәйкестік сертификаттары бар. Шығатын лак-бояу өнімдері - компанияның тәжірибелі технологтарының қолынан шығады. Зертхана қызметкерлері үнемі жаңа өнім түрлерін әзірлеумен және оны жетілдірумен айналысады. Өндірісте жергілікті және шетелдік өндірушілердің жоғары сапалы шикізаты қолданылады. Барлық өнім зертханада мұқият талдау мен сынақтан өтеді. Компания өнім түрін көбейтіп, тұтынушыларға жоғары сапалы отандық өнім ұсынуды көздейді.

Гамилон.jpg

2017 жылы компания қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОК қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан халық банкі» АҚ арқылы 60 млн теңгеден астам несиені 6 пайызбен алды.

Биыл «Gamilon kz» ЖШС «Ulttyq ónim» көрмесіне қатысты.