27.05.2019
Қазіргі заманда уақыт көз ілеспес жылдамдықпен өтіп жатыр. Көп адамның уақыты жоқ. Шапқылап жүретін осындай қарбалас кездегі тіскебасардың ең ыңғайлысы - шұжық өнімдері . Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас демей пайдалана беруге болады. «Бижан» ЖШС 20 жылдан бері шұжық өнімдері мен ет деликатестерін өндірумен айналысып келеді. Қазір кәсіпорын сексеннен астам жоғары сапалы шұжық шығарады. Ет өңдеу зауыты әлемдік сапа стандарттарына сай неміс, швейцар және итальян өндірісінің жабдықтарын пайдаланады.
«Бижан» сауда белгісі бар өнімдерді шығару үшін Қазақстанның солтүстік облыстарынан экологиялық таза отандық шикізатты пайдаланады. Шұжық және ет пен қамтамасыз ету үшін 2011 жылы Көкшетау қаласында бір ауысымда 70 бас мал соятын «Халал» стандартты заманауи цех салынды.
Алматы қаласында ет өңдеу зауытының құрылысы мен жаңа жабдықтарды сатып алу мақсатында компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы, өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау мақсатындағы «Даму-Өндіріс II» бағдарламасы бойынша алты пайыздық несие алды. Сондай-ақ компания «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша Басым жобаларды несиелеу механизміне енді.
Компания жыл сайын отандық өндірушілердің «Даму» Қоры ұйымдастыратын «Ulttyq ónim» көрмесіне қатысады.
Байланыс телефондары: +7(727) 384 55 95 факс: +7 (727) 384 51 28 e-mail:
bizhan-zakaz@yandex.kz
сайт: bizhan.kz
Инстаграм: @bizhanmpz