menu
Жабу

Өзгеретін кез келді

Жаңалықтар
28.05.2019

Семей қаласында бір апта бұрын батут орталығы ашылды. Алайда, келушілерге қарасаң көп жылдан бері жұмыс істеп тұрған, тұрақты клиенттері көп орталық секілді. Мұның себебі – бұл жерде балалармен бірге секіріп, өрмелеуге үлкендер де қатыса алады. Бұған дейін олар басқа орталықтарда тек сырттай қарап отыратын.

Бизнес 2018 жылдың соңында Айдарханова Зарина Қымбатқызының ерекше старт-ап жобасынан басталды. Бұл орталық Семейде бәсекесі жоқ орын болатынын бәрі білгенмен, келушілер мұнша көп болады деп ешкім тап басып айта алмаған. Банктің де, «Даму» Қорының да күдігі басым болды.

PH_S5100.jpg

Дегемен, жылдың соңында «Айдарханова З.К» ЖК 8 500 000 теңге несиені "Центр Кредит Банктен" 60 айға «Еңбек» бағдарламасы бойынша алты пайызбен алды. Қор берген кепілдік сомасы 7 225 000 теңгені құрады.

Бір қарағанд бұл жерге 8 500 000 теңгеден астам қаржы құйылғанын байқау қиын емес. Зарина да жобаға шамамен 30 000 000 теңге жұмсағанын айтады. Ал мақсатына жеткенше қанша кедергілер кездескенін санап тауыса алмайды. Жобаны жүзеге асырудың өзі жарты жылға созылды.

Зарина дизайн жасауда да қаржы үнемдей алды. Бұл мақсатта «Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналған ЕДҚБ бағдарламалары» бойынша мемлекеттен қолдау алды. «Rabbit» орталығының сәнді дизайнына жұмсаған қаржының 50%-ын ЕДҚБ төледі.

Қазір «Rabbit» - отбасылық демалыс орнына айналған. Батутта 10 минтут секіру – бір сағат жүгіруме бірдей. Ал мұнда секіру қызықты әрі қиын емес. Әрдайым тренерлер балалардың жанында болып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ең бастысы – батут аренасына кірмес бұрын денені қыздырып алу керек. Бір батутқа екі бірдей адам шықса – екіншісін дереу басқа орынға ауыстырып жібереді. Бұл - жанындағы адамды жарақаттамау үшін қажет. Ереженің аты – ереже.

PH_S5344.jpg

Орталықта барлық жағдай жасалған. Ерлер мен әйелдердің бөлек шешіну бөлмесі, магнитті браслеттер. Батутқа кіргісі келмеген ата-аналарға арналған балкон бар.

Балалар орталықтең ісігінен кіре салып батутқа қарай зымырайды. Мұндағы көлденең және тігінен тұрған 24 батуттың бесеуі кәсіби, олимпиадалық. Қалғандары спорттық. 6х6 метр болатын поролон шұқыры, алып ауа жастығы, үш деңгейлі лабиринт. Жұмсақ креслолар бөлмесі және т.б баланы қызықтарар заттар жеткілікті. 600 шаршы метер жерде барлық энергиясын шығарып ойнауға мүмкіндік бар. Бір аптаның ішінде күніне 300 адам келген күндер болыпты. Орталықтың енді ғана ашылғанын, семейліктердің барлығы естімегенін ескерсек, болашақта келушілер саны еселеп артатыны түсінікті.

«Өзгеретін кезд келді». «Rabbit» батут орталығының ұраны осы.