info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жаңа буын жарықдиод шамдары

Жаңалықтар
29.05.2019

Жарықдиод пайда болған кезден бері жетілдіріліп келеді. Соның нәтижесінде замануи Led шамдарға қол жетті. Олар жоғары сапа, үнем және тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан басқа жарық көздерін біртіндеп ығыстырып келеді. Себебі қарапайым шамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстыру арқылы электр энергиясына жұмсалатын шығындарды 70%-ға дейін азайтуға болады. Тарифтердің тұрақты өсуін ескерсек, мұндай үнем өнеркәсіп орындары үшін өте тиімді.

2.jpg 

Жарық диодтарында сынап шамдарындай адам денсаулығы мен өміріне қауіпті материалдар заттар жоқ. Сондықтан олар арнайы қызмет көрсетуді, үнемі ауыстырып тұруды және жоюға қосымша шығынды қажет етпейді. Осындай шам шығаратын компаниялардың бірі – «PROLUX LED» ЖШС.

Модуль.jpg

https://proled.kz/ - Қазақстандағы соңғы буын жарықдиод өндірушісі. Компания өз қызметін 2010 жылы бастады.

1_0_1.jpg

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған «Даму Өндіріс» бағдарламасы мен БҰҰДБ бағдарламасы бойынша 2017 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытын жарықтандыруды жаңғырту бойынша энергия сервис келісім-шартын жасады. Сонымен қатар Екібастұз қаласының көшелерін жарықтандыруға МЖӘ келісім-шартын жасады. Жобаны «Қазақстан Халық Банкі» АҚ @halykbank.kz қаржыландырды.

3_0.jpg

Бүгінгі күні «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен компания Қазақстан нарығында теңдесі жоқ, 10 жылға дейін қызмет ете алатын ең энерготиімді жарықдиод құралдарын шығарады.

"Даму" Қоры. Біздің қолдауымыз - Сіздің дамуыңыз.⠀

Қарағанды, Ключевая көшесі 1. Тел: 7212 21-41 -99. www.proled.kz