Ет өнімдері адамның тамақтану рационында ерекше орын алады, адам ағзасын теңдесіз аминқышқылдары бар толыққанды ақуызбен қамтамасыз етеді. Денсаулыққа қажетті дәрумендер мен микроэлементтер, майлы қышқылдар мен минералды заттарға бай. Еттен жасалатын деликатестер тек құнарымен ғана емес, тіл үйірер дәмділігімен де ерекше. Мереке дастарханын жайнатып, жеке тағам ретінде де, салат дайындау барысында да пайдаланылады.
Тұтынушылар өнім таңдауда сапасы, құрамы, аты мен бағасына қарайды. Халықтың көңілінен шығып жүрген өндірушілердің бірі деп «Волынка» ЖШС ет өңдеу комбинатын атауға болады http://www.volynka.net.
«Волынка» ет өңдеу комбинаты - Қарағанды облысының ірі ет өңдеу кәсіпорындарының бірі. Бренд он бес жылдан бері ет гастрономиясы нарығында танымал. Қазір комбинатта 170-тен астам өнім түрі шығады. Консервант, толтырғыш және дәм күшейткіштері жоқ, тек табиғи дәмдеуіштер пайдаланып, сапалы іріктелген экологиялық таза шикізаттан дайындалады.
Кез келген гастрономиялық бизнес бірқатар нормативтік актілермен реттеледі. Тамақ өнімдеріне, соның ішінде ет өнімдеріне санитарлық нормаларға, сондай–ақ сапа нормаларына сәйкес қатаң талаптар қойылады. Өнім тек дәмді ғана емес, қауіпсіз болуы тиіс. Сонымен қатар, ет гастрономиялық өнімдерін өндіру, орау, сақтау және тасымалдаудың технологиялық процесі реттеледі. Өнімдердің барлық осы талаптарға сәйкестігін бақылаушы органдар үнемі тексеріп тұрады.
Осылайша, «Волынка» ЖШС «АТФ Банк» АҚ @atfbank арқылы ет өңдеу комбинатын салуға несие алып, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялады.
Қазір «Волынка» ЖШС өнімдері 2017 жылдың маусым айында іске қосылған жаңа зауытта шығарылады. Оның бөлмелері өндірістік қауіпсіздік пен санитарияның ең заманауи стандарттарының талаптарына сай. Комбинат бір ауысымда он тоннадан астам өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи импортты техникамен жабдықталған. Өндірісте мол жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардың кәсіби ұжым болса, технологиялық циклдің барлық кезеңдерінде дайын өнімнің ғана емес, шикізаттың да сапасын қатаң бақылау жүзеге асырылады.Комбинат өнімдерін тұтынушыларға жеке автопарк көмегімен жеткізіледі. «Волынка» ЖШС ет өңдеу комбинаты - бұл тек өндіріс қана емес, сонымен қатар өз мамандарын оқыту орны да. Кәсіпорынның өз оқу орталығы бар, онда Абай ауданының жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша ет өңдеуге байланысты мамандықтар бойынша жұмысшылар оқиды.
Компания сондай-ақ биыл 4-6 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Ultyq ónim» атты отандық тауар өндірушілер көрмесіне қатысты.
#UlttyqOnim2019
"Даму" Қоры. Біздің қолдауымыз - Сіздің дамуыңыз.⠀
Қарағанды облысы, Абай қаласы, Гёте көшесі 2а.
e-mail: info@volynka.net. Сайт: www.volynka.net