Көкшетаулық «Интергранитстрой» ЖШС гранит және габбро бұйымдарын шығаратын заманауи тас өңдеу зауыты 2008 жылы құрылған. Кәсіпорында италияда шыққан, дәл есептеп кесетін және молынан өнім шығаруға мүмкіндік беретін 22 станок, қосалқы инфрақұрылымы бар жеке базасы, табиғи тас блоктарын шығаратын жеке шикізат базасы (5 карьер) бар.
«Интергранитстрой» ЖШС өнімі аумақты абаттандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, сондай-ақ құрылыс нысандарының ішкі әрлеуі барысында пайдаланылады.
Зауытта әртүрлі табиғи тастан (гранит, габбро, құмтас және т. б.) бұйымдар шығады. Атап айтқанда: әр түрлі модификациядағы тау жыныстарынан жасалып, аралап кесілген тас кенерелер, қаптайтын және парапет плиткалар, сатылар, терезе алды, әр түрлі сәулет-құрылыс бұйымдары жасалады.
Өнім алу барысында табиғи тасты қазып алып, өңдеп, тұтынушыға жеткізуге дейінгі аралықтағы технологиялық процесс кәсіпорынның өзінде үздіксіз жүреді. Екі ауысым бойынша айына 5 000 шаршы метрге дейін гранит плиткасын жасай алады. «Интергранитстрой» ЖШС өнімдерін 100% отандық тауар деуге болады.
2017 жылы қараша айында «Интергранитстрой» ЖШС «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы айналым қаражатын толықтыруға 50 000 000 теңге қарыз алды. Даму Қоры «БЖК 2020» бағдарламасы (2 бағыты) бойынша 10 632 000 теңгеге кепілдік берді.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Солтүстік өндіріс аумағы, 3-өткел, 9-үй, тел. 8-7162-411-000