«Милх» ЖШС - табиғи сүттен жоғары сапалы өнім шығаратын заманауи компания. «Милх» ЖШС 1997 жылдың қараша айында алғашқы өндірісті іске қосты. Бастапқыда күніне 6 тонна өнім шығаратын шағын дүкен болды.
Өзінің құрылған сәтінен бастап компания өндіріс көлемін едәуір ұлғайтты, өнімнің ауқымын кеңейтіп, нәтижесінде сату көлемін едәуір арттырды. Қазіргі уақытта «Милх» ЖШС сүт өнімдерінің шамамен 60 түрін шығарады. Сапалы. Оны көптеген марапаттар растайды.
Екі жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев балмұздақ дайындау цехының іске қосылуына куә болды. Алдымен пломбир мен сүтті балмұздақ шығара бастады. Бүгінгі күні балмұздақ саны 28-ге жетті және тағы көбйту жоспарда бар. Барлығы МемСТ бойынша қадағаланады.
«Жаңа күн» брендімен бір ауысымда Қостанай цехы 30 мың стакан, 16 мың конус балмұздақ шығарады. Бұл цехтың толық қуаты емес. Өндірісте автоматты машиналар мен сегіз маман еңбек етеді. Айтпақшы, балмұздақ Қазақстан мен Ресейде сатылады.
Өнім түрін кеңейту және «Милх» ЖШС сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін «Нұрбанк» АҚ арқылы өңдеу өнеркәсібі мен қызметтеріндегі шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша жеңілдікпен несие алды.
Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Милх» ЖШС директоры Сергей Блокқа алғыс хат және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктері Айрықша белгі тапсырды.
Адрес: Қостанай, Бородин көш, 235
Тел/факс: 8-7142-559-559, 559-834