Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Алматыда ат спорты дамып келеді

Жаңалықтар
12.09.2024

Қазақстан бұрын әлемге әйгілі болған, үш дүркін Олимпиада чемпионы Абсентті сыйлаған Луговой жылқы зауытының даңқын жалғастырып, халықаралық ахалтеке жылқы шаруашылығының көшбасшыларының қатарында. Ахалтеке тұқымы бойынша Республика чемпионаты халықаралық сарапшылардың қатысуымен жыл сайын өтеді.

«Айлазат» ЖШС 2016 жылы 1 маусымда құрылған. Негізгі қызметі – ат спорты клубы саласында қызметтер көрсету. Сондай-ақ асыл тұқымды жылқы зауыты Қазақстандағы асыл тұқымды ахалтеке жылқысын өсіретін ірі шаруашылықтардың бірі. Мұнда түрлі көрмелер мен жарыстардың чемпиондарытәрбиеленді.

«Bereke Bank» АҚ арқылы компания 14%-бен несие алғанда «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 5,6%-ын «Даму» Қоры субсидиялады. Қаражат жөндеу жұмыстарына және ат спорты клубын ашуға қажетті құрал-жабдықтар мен керек-жарақтарды сатып алуға жұмсалды.

«Айлазат» ЖШС аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы қызметпен қамтамасыз етуде. Компания ұсынатын қызметтер бүкіл әлемдегі ат туризмінің ұлттық ұйымдастырушыларын біріктіреді, белгілі бір салаларда, сондай-ақ ат және арба туризмінің барлық түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыруды ынталандырады.

Сайт: @haragun_country_club

Мекен жайы: Алматы қ-сы,Көлсай ы.а.,Садовый бұрылысы, 2205

Байланыс телефондары : +7‒777‒098‒58‒71