«Smart kids» шығармашылық студиясы – даму, тәрбие және білім!

Жаңалықтар
10.09.2024

Кез келген ұлы оқиға арманнан басталады. Жанар Терлікбайқызы Серғазинаның «Smart kids» шығармашылық студиясы да арманнан басталған. Бастапқыда ол шағын түзеу кабинеті болды.

«Smart kids» – «Серғазина» ЖК 2022 жылдың тамыз айынан бері жүзеге асырып жатқан Ұлытау өңірінің әлеуметтік жобасы.

Серіктестік басшысының мектепке дейінгі мекемелерді басқару тәжірибесі бар. Өңірде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған дамыту орталықтарының жоқтығынан «Smart kids» шығармашылық студиясы ашылып, онда 245 бала түрлі үйірмелерде білім алуда.

Биыл өздері жалдап келген үй-жайды сатып алу қажет болғанда компания «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «Даму» Қоры «Бірыңғай кешенді бағдарламаның» «Әлеуметтік кәсіпкерлік»» бағыты бойынша субсидия, кепілдік түрінде қолдау алды.

«Smart kids» шығармашылық студиясы Жезқазған қаласының кішкентай тұрғындарының оқу-тәрбие іс-шараларын өткізудегі таптырмас орны. Білікті қызметкерлер әр балаға жеке назар аударады. Оқу ойындарын, үйірмелер, дене шынықтыру жаттығуларын өткізу, жарыстар ұйымдастыру, театрларға, жануарлар мен құстар көрмелеріне бару және т.б. үшін арнайы әдістеме әзірленген.

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Есенберлин көш., 53а

Тел.: +7 705 210 99 02

Instagram: smart_kids_zhez